🎬 Welcome to Epic Clip Cut!
We bring you the most unforgettable and epic scenes from your favorite movies and TV shows — edited to perfection. Whether it's drama, comedy, romance, or action — we’ve got the moments you’ll want to watch again and again.
Subscribe now for your daily dose of cinematic greatness! 🍿🔥 #EpicClipCut #MovieMoments #Shorts #BestScenes #CinematicShorts #TVShowClips #FilmHighlights #MovieEdits #TrendingScenes #ReelVibes


Epic Clip Cut

Ескірмеген махаббат...

Осы екі жұпқа қарасақ тым аянышты сияқты көрінеді. Тым тәкаппар қыз, және өте қырсық. Ал сондай қызға есі кетіп ғашық болған жігіт... Бұндай жұптан не шығар екен?
Көп жағдайда егер қыз ғашық болса, жігіт ұнатып тұрса, қыз жігітке бағынып, қосылып бақытты болып кетіп жатады ғой. Ал бұл жағдайда қыз тым өркөкірек, жігітті керек қылып тұрған жоқ. Ал жігіт болса басқа қыздарға қарамайды, ғашықтықтан есі кетіп, көзі байланып қалған десек те болады.
Негізі басында бұлар жақсы жұп болып еді. Екеуі тым жақсы бақытты болып жүріп жатқан болатын. Бұлардың жұптарына сырттан қарап қызыға да, қызғана да қарайтындар көп еді. Ешкім ажырата алмайды-ау дейтін жұптың та арасына бір күні сызат түседі екен...
Бір эфирде, бұл екі жанға қастандық жасағандай болып Мөлдір есімді қатысушы ортаға жігіт Даниярды жамандаған болатын. Даниярдың бұрынғы әйелінен 3 баласы бар, және олар аш-жалаңаш, Данияр көмектеспейді деп. Содан ортада қызу талқылану басталып, Данияр ешкімге ештеңе түсіндіргісі келмей студиядан шығып кетіп еді. Көп адам жаман ойлап қалған болатын. Бірақ ол жерде қатысушы әйелдердің де басым көпшілігі ажырасқан балалы әйелдер ғой. Сонда балалы ер адамға екінші рет бақытты болуға құқы жоқ па екен?...
Сол жағдайдан бері Гүлназым қатты өзгерді. Даниярды өзінен алыстата бастады. Тіпті екеуі айрылысып та кетті. Екеуі екі бөлек жүргендеріне біраз уақыт өтіп еді, міне қазір қаншама халықтың қолдауымен қайта қосылуға Гүлназымды көндірдік.
Екеуі енді қайта қосылып жатқан қезде кенет студияда күтпеген жағдай болды. Бұл жолы екеуі қосыла алмайтындай жағдай болды... Соңы не болғанын видеодан қарап көріңіздер...

#Qoslike #КосЛайк #Қосылайық #бугингиэфир #бугінгіэфир #бүгінгіэфир #Данияр #Гулназым #Гульназым #Гүлназым

3 years ago | [YT] | 1

Epic Clip Cut

Ел-жұрттың ауызында бір шама уақыт әңгіме болған жағдай 14.06.2022 күнгі эфирде орын алып еді. Хуршед пен Нұржамалдың беташарында әр қатысушы намысты қолдан бермей, қолдан келгенше көп ақша салуға тырысып жатқан еді. Біреулері 5000 салса, біреулері 10 000, тіпті кей біреулері бүтін 20 000. Көріп отқан қаншама халықтың алдында абыройды биік ұстайық дегендері ғой.
Кезек Мөлдір ханымға келген еді. Мөлдір ханым бұрынғы эфирлерде ауыздан қағылып, беташарда 50 000 салып деп айтып қойғаны бар еді. Сол сөзінде тұрып, 50 000 ақшаны санап тұрып салды.
Шамалдан сон Ақтөре мырзаға да кезек келіп жетіп еді, Ақтөре мырза Мөлдір ханымға қарап, басын изеді де, 65 000 салды. Әдейі ерегісіп істегендей болды. Бұл екі қатысушының арасында кикілжің көп болатын. Бұрынғы эфирлерде пікірталас болған кезде бұл екеуі бір-бірінің етін тірідей жей жаздайтын еді.
Ақтөреге қарап тұрған Мөлдір қолын көтерді де микрофонға:
-менікі 100 000, ортаға тағы 50 000 салам!-деді. Бәрі аң-таң. Ортада екі адам арасында қырғын ақша тастау басталды. Ақтөреде артынша қалыспай қалтасынан ақшаларын шығарып санай бастады. Екеуі ортаға таласып тұрып ақша тастап, бір-бірінен асырам деп жатып шамамен миллионға жуық сумма тастап жіберген болатын. Толығырақ видеодан көріңіздер ;)

#Qoslike #КосЛайк #Қосылайық #бугингиэфир #бугінгіэфир #бүгінгіэфир #Ақтөре #Акторе #Мөлдір #Молдир #Молдір

3 years ago (edited) | [YT] | 0